Атырау облысында 27 адамды алдап соққан алаяққа қатысты іс қаралуда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Жылыой аудандық сотында бірнеше алаяқтық жасаған деп айыпталған әйелдің ісі қаралып жатыр.
None
None

«Құлсары қаласының тұрғынына ҚР ҚК 177-бабының 2-тармағы бойынша айып тағылды. Ол адамдардың сеніміне кіріп, олардың біреуіне еңбекақысы жоғары жұмысқа орналастыруға, біреуіне ЖОО-ға түсіруге, тағы біріне сауда нүктесінен орын алып беруге уәде берген. Нәтижесінде алаяқ әйел 27 адамды алдап, олардан шамамен 4 млн. теңгеге жуық қаражатты жымқырған», - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Соңғы жаңалықтар