Атырау облысында 3 жыл бойы қарындасына зорлық жасап келген педофил тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында педофилді тұтқындады, деп хабарлады Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Атырау облысы Қызылқоға ауданының тұрғыны, отбасылы, 28 жастағы азамат Т.Ж. арам әрекетін 2012 жылы жазда бастаған. Соттың анықтауынша, 28 жастағы педофил мен 2000 жылы туған жәбірленуші қыз бір анадан туған, бірақ әкелері басқа адамдар.

Азамат Т.Ж. мас күйінде, күштеп, қорқытып, қарындасының қорғансыздығын басынып, арам ойын іске асырған. Баспасөз қызметінде хабарлағандай, ол қыз баланы үш жылдан бері зорлап келген.

«Бүгінде тергеу органы педофилге қатысты ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот тұтқындау түрінде бұлтартпау шараларын қабылдады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар