11:42, 11 Наурыз 2013 | GMT +5
Атырау облысында 5 тәулік бұрын жоғалған ер адамның мүрдесі табылды
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысының Махамбет ауданында «Батыс аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» ММ мен аудандық ТЖБ (3 адам мен 1 техника бірлігі) күшімен 5 наурыз күні жоғалып кеткен 37 жастағы ер адамды іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
10 наурыз күні сағат 17:30-да оның мүрдесі Махамбет ауданындағы Сарытоғай ауылының жанынан табылды.