Атырау облысында 55 қоқыс полигоны бар
Министрмен кездесуде жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған маңызды мәселелерді қозғады. Соның бірі – қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жай-күйімен көгалдандырудың жеткіліксіздігі. Ғарыштан жүргізілген мониторинг қорытындысымен былтыр 131 рұқсат етілмеген қоқыс полигон анықталған.
Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, қоқыс полигондарының пайда болуының бір себебі бар. Бұл – қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келмеуі. Қазір Атырау облысында 55 қоқыс полигоны бар. Оның ішінде 8 полигон (14,5%) ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді.
Тағы бір мәселе қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты туындайды. Әсіресе құрылыс материалдарының қалдықтары өңделмей жатыр.
«Жергілікті әкімдіктер шағын және орта бизнес бизнес субъектілерін коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеуге тартуы қажет. Ал, коммуналдық қалдықтарға байланысты арнайы бағдарлама әзірлеген жөн», -деді Зүлфия Сүлейменова.
Оның дерегіне сүйенсек, жаңа Экологиялық кодекстің енгізілді. Бұл әкімдіктерге табиғатты қорғау іс-шараларына эмиссиялар үшін төлем қаражатын 100% пайдалану мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, өткен жылы облыс бюджетіне экологиялық төлемдерден 9 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
Су шаруашылығында бірқатар проблема бар. Қазір су саласындағы нысандар тозған. Соның салдарынан су шығыны артып отыр. Министрлік тарапынан су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және реконструкциялау, суару арналарын цифрландыруға жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Өңір тұрғындары көшет егу, жануарларға қатыгездік көрсету, қоғамдық тыңдаулар өткізу тәртібіне қатысты мәселелерді ортаға салды. Министрге биоқалдықтар бойынша жобалар ұсынылды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында қоршаған ортаны бүлдіргендерге 306 млн теңге айыппұл салынғанын жазған едік.
Автор: Бек Мұстафа