14:04, 18 Ақпан 2016 | GMT +5
Атырау облысында 555 отбасы баспаналы болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында құрылысы қолға алынған көпқабатты 11 тұрғын үй пайдалануға беріліп, пәтерге мұқтаж 555 отбасы баспаналы болды, деп хабарлады www.24.kz.

Негізгі басымдық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және көп жылдардан бері пәтер кезегінде тұрған жандарға берілді. Сонымен қатар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары да қоныс тойын тойлап жатыр. Жалпы облыс бойынша былтыр 795 тұрғын баспанамен қамтылған. Жыл аяғына дейін тағы 100 отбасы баспаналы болады.
«Бес баламен 1 бөлмелі жатақханада 15 жыл тұрып, қаншама қиындықтарды көрдік. Балаларымыздың сабақ оқитын, ойнайтын бөлмелері болмады. Атырау қаласында 1 күнде 555 жанұяны қуантып отырған Елбасымызға, Үкімет басындағы азаматтарға көп-көп рахмет», - деді
көпбалалы ана Күндира Елемесова.
фото: altaynews.kz