Атырау облысында 60 гектар жайылым өртеніп кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтерілген аймағында 60 гектар жайылымдық жер өртеніп кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Бір өрт облыстың Индер ауданында болды. Мұнда 40 гектар жерді қамтитын құрғақ шөп өртенді. Атырау-Доссор автомобиль жолының 55-шақырымында да өрт шығып, бұл жерде тілсіз жау 20 гектар жерді шарпыды. Өрт шалған аумақтың екеуі де қазіргі уақытта сөндірілді», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.