Атырау облысында 64 балықшы құтқарылды, адамдардың бір бөлігі әлі күнге дейін теңізде

ЫРАУ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Каспий теңізінде түннің бір уағына дейін балықшыларды құтқару жұмыстары жүргізілген Атырау облысында жағаға 64 адам жеткізілді.
None
None

Атырау облыстық ТЖ жөніндегі департамент бастығы Болатбек Омаров хабарлағандай, теңізде адамдардың қиын жағдайға душар болғаны туралы ақпарат балық шаруашылықтарының бірінен келіп түсті. Каспий теңізіне шыққан балықшылардың қайығы мұз құрсауында қалды. Одан кейін пайда болған қатты жел қайықты мұзбен бірге жағалаудағы қамыс арасына шығарып тастады.

«Қиын жағдайға душар болған адамдар туралы ақпарат алғаннан кейін, әуеге екі тікұшақ көтерілді. Екі тікұшақ борты жағалауға 24 және 19 адамды жеткізді. Кешке қарай тікұшақтар қосымша 21 адамды құтқарды. Барлығы 64 адам құтқарылды», - деді Б.Омаров.

Соңғы жаңалықтар