03:46, 18 Сәуір 2015 | GMT +5
Атырау облысында 70 өлі бұйра бірқазан табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норт Каспиан Оперейтинг компаниясының құстардың көктемгі есебін жүргізуі кезінде Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінің сағасының суы таяз аумағынан 70 өлі бұйра бірқазан табылды.

Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Айта кетейік, бұйра бірқазан құстардың сирек кездесетін түрлеріне жатқызылған. Аталған фактіге қатысты ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясында құстардың қырылуын тексеруге арналған жұмыс тобы құрылды.