05:16, 07 Маусым 2014 | GMT +5
Атырау облысында әлемдегі ең терең ұңғыма бұрғыланбақ
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2015 жылы Атырау облысында тереңдігі 15 шақырым болатын барлау ұңғымасы бұрғыланады. Бұл әлемдегі ең терең ұңғыма болмақ, деп хабарлайды өңірдегі тілшіміз А. Соколов.
«Аса терең ұңғыма ондаған мұнай және газ кен орындары ашылған Каспий маңындағы ойпаттарда бұрғыланады. Жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы құрылды, техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды. Бұрғылау жұмыстарының бастапқы бағасы - 500 млн. доллар. Қаражат мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Әрине, бұл нақты бағасы емес. Жұмыс барысында жоба өзгеруі мүмкін. Бұрғылау жұмыстары 2015 жылы басталады деп жоспарлануда», - деді ҚР Индустия және жаңа технологиялар Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев жер қойнауын пайдалану бойынша компания басшыларымен кездесу барысында.
Айта кетейік, қазіргі таңда ең терең ұңғыма болып Ресей аумағындағы Коль жарты аралындағы 12 шақырымдық ұңғыма саналады.