16:11, 30 Шілде 2015 | GMT +5
Атырау облысында арнайы қызмет Сирияға бармақ болған үш азаматтың жолын кесті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында арнайы қызмет қарулы қақтығысқа қатысу үшін Сирияға аттанбақшы болған үш адамның жолын кесті, деп хабарлады өңірдің орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстың қылмыстық процестің сотқа дейінгі заңдылығына қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Балнұр Есенгелдинов.

«Бұған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қорғау және арнайы органдардың үйлескен қызметінің нәтижесінде қол жеткізілді. Сирияға баруға тырысқан облыс тұрғындарына қатысты ҚР ҚК 256-бабы 2-бөлігі, 24-бабы 1-бөлігі, 172-бабы және 259-бабы 1-бөлігі бойынша сот алды тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Б. Есенгелдинов.