Атырау облысында аудандық жергілікті полиция бастығының орынбасары парамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында Жылыой аудандық жергілікті полиция бастығының орынбасары парамен ұсталды.

«Департамент қызметкерлері жеке кәсіпкерден қорқытып пара алу фактісіне байланысты Жылыой аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары майор Д.Ахиповтың қылмыстық қызметінің жолы кесілді. Ахипов Д. лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, жеке кәсіпкер Т-дан Құлсары қаласының орталық базарында халық тұтынатын тауарларды сататын жерлердегі оның қызметкерлеріне тиіспеу үшін, сондай-ақ, жалпы қамқорлық жасағандығы үшін бопсалап пара алып отырғандығы анықталды.

25 наурызда Ахипов аталмыш кәсіпкерден 30 мың теңге мөлшерінде пара алу кезінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде»,-делінген Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті таратқан баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар
telegram