Атырау облысында әйел нәрестесін 5 мың долларға сатып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының полиция қызметкерлері 32 жастағы әйелдің нәресте қызын 5 мың АҚШ долларға сатып жіберу фактісін тіркеді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.

Атырау облысында әйел нәрестесін 5 мың долларға сатып жіберген

Кәмелеттік жасқа жетпегендерді саудалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған қылмыс алғаш рет бір мезгілде (22-26 қараша күндері) Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда өткізілген «SТOP трафик» операциясының аясында анықталған.