Атырау облысында әйелін балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында әйелін балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

К.Гилманов өзінің отбасындағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткені үшін әкімшілік жаза қолданыла тұра, екінші мәрте өз үйінде алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде зайыбы З.Ахметованы балағаттап, жанұя тыныштығын бұзған.

Сотта К.Гилманов өз кінәсін мойындап, зайыбы З.Ахметованы балағаттап, жанұя тыныштығын бұзғанын, одан кешірім сұрайтынын, келесіде мұндай жағдайлар қайталанбайтынын, өзінің іс-әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтты. Алайда арызданушы З.Ахметова оған кешірім бермей, соттан тиісті шара қолдануды сұрады.

Исатай аудандық сотының қаулысымен К.Гилманов Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлімінде көзделген құқық бұзушылық әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар