Атырау облысында аймаққа Батыс Ніл вирусы тарап кетпеу үшін қажетті шаралар қолданылатын болады

Оның айтуынша, Ресей Федерациясының бірнеше аудандарында қатарынан Батыс Ніл вирусын, басқаша айтқанда батыс-нілдік энцефалит ауруын жұқтыру оқиғалары тіркелген. Сонымен қатар Атыраумен тығыз қарым-қатынаста болатын Астрахан облысында да осы ауру кездескен.
Бұл ауру - аса қауіпті, толық зерттеліп бітпеген, масалар арқылы жұғатын, қалтырау, ми қабыршақтарының қабынуы, жұқа қабаршықтардың жүйелі зақымдануы және лимфаденопатиямен сипатталатын ауру түрі. Негізі әлемнің тропикалық және субтропикалық аймақтарында кездеседі, алайда ресейліктердің осындай аумақтарға жаппай демалысқа баруларының салдарынан Ресейде, әсіресе, вирустың дамуына қолайлы Ресейдің оңтүстік аймақтарында тіркелді. Ең бірінші вирусты құстар жұқтырады, алайда маса шаққан соң адамдар мен басқа да сүт қоректі жануарларға жұғады.
Сондықтан қауіпті дерт Қазақстан аумағына өтіп кетуі де мүмкін деген негізді қауіп бар. Вирустың таралуын тоқтату үшін су қоймаларының жанындағы елді мекендер, балабақша мен басқа да мекемелер, мектептер, үйлердің жер төлелері масадан тазартылады.