Атырау облысында азық-түлікті тұрақтандыру қоры құрылуда

АТЫРАУ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысы биыл алғаш рет өңірдің сұранысын жергілікті шаруалардың өсірген қырыққабаты, пиязы, қызылшасы, сәбізімен толық, ал картобымен жартылай қамтамасыз етеді.
None
None

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі қоймаларды көкөністер мен картопқа толтыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Шаруалардың жақсы өнімге қол жеткізуіне жергілікті билік қолдау көрсеткен. Көктемде «Атырау» ӘКК картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат және пиязды жеткізуге қатысты 17 шаруа қожалығымен фьючерстік келісімшарт жасасты. Ал шаруалар өз кезегінде күзде алынған өнімді алдын ала келісілген баға бойынша жеткізуді мойындарына алды. Айталық, бір келі картоп үшін - 39,6 теңге, пияз - 35,2, қырыққабат - 39,6 теңге, қызылша - 44 теңгеден, сәбіз - 46,64 теңгеден болады деп келісілді. Алынған ақшаға шаруа қожалары уақытымен тұқым мен жанар-жағармай сатып алып, өткен жылғы егіс мөлшерін әлдеқайда ұлғайтты. Атап өтсек, картоп егісі 57-ден 900 гектарға дейін, көкөніс дақылдары 300-ден 1600 гектарға дейін көбейтілді.
Енді шаруа қожалықтарынан келіп түскен өнімдер қоймаға сақталып, қыста белгіленген баға бойынша саудаға шығарылады.

Соңғы жаңалықтар