08:27, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Атырау облысында банкирдің үйіне жасалған шабуылдың салдарынан, бір әйел 11 пышақ жарақатын алған
ЫРАУ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысының Құлсары қаласында банк бөлімшесі жетекшісінің үйіне шабуыл жасалған.

Белгісіз ер адам қожайынның үйінде жоқ екенін пайдаланып, банкирдің үйіне кірген, алайда үйде оның туысы болған. Қарақшы одан ақша талап еткен. Әйел ақша мен құнды заттардың қайда тұрғанын айтудан бас тартқан. Құқық қорғаушы органдар үйде не болғанын айтудан бас тартып отыр. Тек әйелдің 11 пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілгені ғана мәлім. Дәрігерлер қазіргі уақытта оның өміріне қауіп-қатер төніп тұрған жоқ екендігін айтады.
«Өзбекстаннан жұмыс істеуге келген азаматты қылмыс жасаған деген күдікпен полиция қызметкерлері тұтқынға алды», деп түсіндірді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.