Атырау облысында белгісіз аурудан сиырлар қырылып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Исатай ауданында белгісіз дерттен сиырлар өліп жатыр, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Атырау облысында белгісіз аурудан сиырлар қырылып жатыр

«Ауданымызда әлдебір белгісіз дерттің салдарынан ірі қара қырылып жатыр. Өткен айда 275 ауру сиыр тіркеліп, олардың 120-сы өлген, қалғандары бақылауға алынды. Қазір зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр, облыстық радиологиядан радиацияларды жою үшін мамандар шақырылды. Әзірге сиырлардың ауруға шалдығу себебі жайлы нақты ештеңе айта алмаймыз», - деді Исатай ауданының әкімі Марат Мұрзиев.

Айта кетейік, маусым айында Исатай ауданында жылқылар сақау ауруына шалдыға бастады. Қазіргі уақытта 250 жылқының дертке шалдыққаны тіркеліп, олардың 138-і өлген. 40 жылқы жазылу сатысында, 72 - мал ветеринар мамандардың бақылауына алынған. Қазір жылқылардың жаппай қырылуы тоқтатылды.