Атырау облысында бір күнде 3776 адам вакцина салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде 3 776 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 тамызда 3 776 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина ектірген.

«Оның ішінде вакцинаның І компонентін 2 205 атыраулық, ал, 1 571 адам ІІ компонентін салдырды. Биылғы 1 ақпаннен бері вакциналардың І компонентін салдырғандардың саны 168 474 адамға жетті. Вакциналардың ІІ компонентін алғандар – 122 222 адам» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов вакцина салдыруды кейінген қалдырмау керектігін айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар