Вакцина салдыруды кейінге қалдырмау керек – Махамбет Досмұхамбетов

Облыс әкімі бұл пікірін вакцина салдыру мәселесіне қатысты өткізген кеңесте білдірді.
«Соңғы он күнде вакцина салдыру қарқыны жақсарғанына қарамастан, аудандардағы көрсеткіш әлі де төмен. Атап айтқанда, Жылыой ауданында – 19,5, Мақатта – 28,2, Исатайда – 36,2, Қызылқоға ауданында тұрғындардың 36,5 пайызы вакцина алды. Сол себептен, осы мәселеге қатысты ахуалды тікелей өз бақылауымда ұстаймын», - дейді Махамбет Досмұхамбетов.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың мәліметіне қарағанда, 16 тамызда инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімінде 87 науқас жатқан. Оның ішінде 15 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Махамбет Досмұхамбетов тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жандандырып, вакцинадан бас тарту себептерін анықтауды тапсырды.
«Вакцина алмағандар адамдар ауырып, жазылған сияқты қауіп аймағында болады. Егер біз адамдардан айырылғымыз келмесе, әдеттегі өмір ырғағына оралуды қаласақ, мүмкіндігінше көп адам екпе алуы керек. Сондықтан, вакцина салдыруды кейінге қалдырмау керек» деді облыс әкімі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 119 429 адам салдырғанын жазған едік.