Атырау облысында бір жылда полицияға 840 әйел арызданған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір жылда полицияға 840 әйел арызданған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Атырау облысында бір жылда полицияға 840 әйел арызданған

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтыр отбасында зардап шеккен 840 әйелден арыз түскен. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 1318 әйелге қатысты жасалған құқық бұзушылық анықталған.

«Былтыр ішкі істер органдарының қызметкерлері «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдарға көмек көрсету» бөлімшесіне 79 адамды орналастырды. Оның ішінде 25 әйел 54 жасөспірім бар. Қазір аталған бөлімшеде 4 әйел адам мен 8 жасөспірім тұрып жатыр. Аталған бөлімшеден 450 (116 заңгерден, 55 психологтан және 279 әлеуметтік қызметкерден) әйел адам құқықтық кеңес алды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, ҮЕҰ өкілдері мен волонтерлердің қатысуымен тұрғындар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының әрекет ету алгоритмін түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Полицейлер «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдарға көмек көрсету» бөлімшесінен шыққан адамдардың тұрмыстық жағдайын тексеру үшін локальды-рейдттік іс-шаралар өткізілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда отбасындағы кикілжіңнен соң 7 жасөспірім үйінен кетіп қалғанын хабарлаған болатынбыз.