17:09, 30 Сәуір 2009 | GMT +5
Атырау облысында бруцеллёз індеті тіркелді
АТЫРАУ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысындағы аудандардың бірінде сиырлардан сарып (бруцеллёз) індеті тіркелді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мал дәрігерлері үй жануарларын тексеру кезінде мың жарымнан астам ауру малды анықтады. Аудан аумағына бұл ауру бұдан бұрын Ақтөбе облысында болған осы індеттен жұққан деген болжам бар.Барлық ауру малды облыс орталығындағы мал соятын цехқа жөнелту жөнінде шешім қабылданды. Сиырлардың иелері ауру малды өздері соймауы және еттің базарларға түспеуі үшін шаралар қолға алынуда.