16:19, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Атырау облысында Чехияның делегациясы болды
АТЫРАУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда Чехия Сауда палатасының президенті Иржи Неставал бастаған делегация болды,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Серік Аманғалиевпен болған кездесуде Чехия мен Атырау облыстары арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде әңгіме болды. Бүгінде сыртқы сауда айналымы 6,7 миллион долларды құрайды. Екі тарап та мұның жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның үстіне сауда қатынастарын кеңейтудің мүмкіндіктері жеткілікті. С.Аманғалиев қонақтарға бірлескен кәсіпорындар құрып, экономиканың басымдықты салаларына қаржы инвестициялауды ұсынды. Әсіресе чех компанияларында инновациялық жасалымдар мол ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, денсаулық сақтау салаларында ынтымақтасудың келешегі зор.