20:12, 26 Маусым 2016 | GMT +5
Атырау облысында екі адам Жайық өзеніне батып кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында бір тәулік ішінде екі адам Жайық өзеніне батып кетті.

«Индербор ауылында суға шомылып жүрген 12 жасар бала суға батып кетті. Тағы бір қанды оқиға Геолог ауылында болды. Онда балық аулап жүрген ер адам суға кеткен», - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.