Атырау облысында екі браконьерден 842 келі балық тәркіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында екі браконьерден 842 келі балық тәркіленді, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«6 шілдеде Атырау облысында Көктоғай елді мекенінің маңында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Атырау облысының  табиғатты қорғау прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп «Газель» маркалы көлігінде БҚО-ның екі тұрғынын ұстады. Көлікті тінту кезінде жалпы салмағы 842 келі құрайтын құжаты жоқ балық тәркіленді», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша материалдар  Атырау облысының  табиғатты қорғау прокуратурасына жолданды.

 

Соңғы жаңалықтар