Атырау облысында екі кент карантинге жабылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында екі кент 8 маусымға дейін карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл туралы бүгін облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев мәлім етті.

«Атырау облысында 6 ауданның тұрғындарынан коронавирус инфекциясы анықталып отыр. Соның ішінде Жылыой ауданында - 16, Құрманғазыда – 6, Мақатта – 6, Исатайда – 4, Махамбетте – 1, Индер ауданында - 1 дерек тіркелді. Осыған байланысты аудандық бас санитар дәрігердің қаулысымен Мақат ауданындағы Мақат кенті мен Жылыой ауданында орналасқан Майкөмген кенті карантинге жабылды. Карантин мерзімі 8 маусымға дейін созылады», - деді Амантай Жұмағалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының Исатай ауданынан коронавирустың жаңа ошағы табылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар