09:38, 28 Қараша 2015 | GMT +5
Атырау облысында экономикалық белсенділік деңгейі 81,1%-ды құрады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 2015 жылдың үшінші тоқсанында экономикалық белсенділік деңгейі 81,1%-ды құрады.

Атырау облысының жұмыспен қамтылған халық саны 2015 жылғы II тоқсанмен салыстырғанда 11508 адамға артып, 299,3 мың адамды құрады, деп хабарлады Атырау облыстық статистика департаментінен.
«Халықтың жұмыспен қамтылуын тоқсан сайынғы ішінара зерттеу мәліметтері бойынша Атырау облысындағы экономикалық белсенді халық саны 2015 жылдың III тоқсанында 315,1 мың адамды құрады. Әйелдердің үлесіне экономикалық белсенді халықтың 49,9% тиесілі», - деді статистика департаментінде.