10:01, 12 Қараша 2011 | GMT +5
Атырау облысында газ қазандығының жарылуынан 4 адамнан тұратын отбасы зардап шекті
АТЫРАУ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысы Махамбет ауданының Сарайшық ауылында газ қазандығының жарылуынан 4 адам зардап шекті.
Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, төтенше оқиға кеше түстен кейін орын алды. Газ қазандығын пайдалану ережесін бұзудың салдарынан Сарайшық ауылындағы үйлердің бірінде шағын жарылыс болды. Нәтижесінде отбасы мүшелері - ата-анасы, екі және үш жасар балалары зардап шекті. Олардың барлығы түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.