Атырау облысында қалың қардың салдарынан жолда қалған вахташылар Теңізге жеткізілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Жылой ауданы аумағында «Теңізшевройл» ЖШС және мердігерлік ұйымдардың жүздеген қызметкерлері кеше өз уақытында вахталық жұмысқа немесе үйлеріне қайта алмады.
None
None

Аудан орталығы Құлсары мен Теңіз мұнай кеніші арасын жалғастыратын көлік жолында қалың жауған қардың салдарынан азық-түлік әкеле жатқан фургон аударылып, жолды кесе көлденең бөгеген.

Осыған байланысты 200-ге жуық адам мінген бірнеше автобус вахталық кентке жете алмады.

«Теңізшевройл» ЖШС көмекке техника жіберді. Фургон жолдан шығарылған соң компанияның арнайы қызметі 90 шақырымға созылып жатқан жолды тазартуға кірісті. Бұл жұмысқа автогрейдер, жүк артқыш машина және жолды қардан тазартатын екі арнайы машина тартылды. Барлық вахташылар жұмыс орындарына жеткізілді. Ал ауысымда өз жұмыстарын аяқтағандар кенішті тастап шықты»,-деп хабарлады Жылой ауданының әкімі Максим Ізбасов.

Соңғы жаңалықтар