Атырау облысында карантин режимі 3 тамызға дейін созылды

Атырау. ҚазАқпарат –Атырау облысында қатаң карантин режимі 3 тамызға дейін созылды. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Садуақас Байғабыловтың 17 тамызда қол қойған қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бас санитарлық дәрігердің қаулысы 19 шілде сағат 00:00-де күшіне енеді. Қатаң карантин режимі 3 тамыз сағат 00:00-дейін созылып отыр.

Қаулыға сәйкес, Атырау облысының аумағында қалалар мен елдімекендер арасында автобус қатынасы тоқтатылды. Ал, Алматы қаласына, Ақтөбе және Маңғыстау облысына қатынайтын пойыздар жүрмейді. Сондай-ақ, тұрғындар мен автокөлік қатынасына түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тыйым салынған. Мұндай тыйым сенбі, жексенбі және мереке күндері автокөліктердің жүруіне де салынып отыр.

Азық-түлік дүкендеріне сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында карантин күшейтілген еді.


Соңғы жаңалықтар