Атырау облысында қатты желден 13 елді мекен жарықсыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында 18 наурыз түн ортасында жел ұйытқып, бірқатар қолдайсыздықтар тудырды.
None
None

Атап айтқанда, облыстың 36 нысанында, соның ішінде, 16 әлеуметтік және 20 тұрғын үй нысанының шатырлары ұшып кетті. 13 елді мекен, оның ішінде қала маңындағы 7 ауыл, қаланың екі шағын ауданы, облыс аудандарының 4 ауылдық жері, төрт әлеуметтік нысан жарықсыз қалды. Осыған қатысты облыс пен аудандардың төтенше жағдай бойынша комиссиялары шұғыл отырыс өткізді. Төтенше жағдайды жоюға облыстық және аудандық штабтар құрылды. Оған ҚР ТЖМ Атырау облысының ТЖД 14 техникасы мен жеке құрамының 125 адамы; жергілікті атқару органдарының 67 техникасы мен 201маманы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар