Атырау облысында көлік аударылып, шетелдік жүргізуші мен жолаушы ауруханаға түсті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында көлік аударылып, шетелдік жүргізуші мен жолаушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жол-көлік оқиғасы 12 маусым күні Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолында болған.

«Республикалық маңызы бар тас жолдың 95-шақырымы тұсында Chevrolet Cobalt автокөлігі аударылды. Көлік рульіндегі Өзбекстан Республикасының 2000 жылғы азаматы азаматы басқару жүйесін игере алмағаны анықталды. Соның салдарынан жүргізуші мен 1985 жылы туған жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен шетелдіктер ауруханаға жатқызылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттарды жинақтап жатыр.

«Жол-көлік оқиғасының дені жылдамдықты шамадан тыс арттырудың салдарынан болады. Сол себептен, жүргізушілерге жолда жүру ережесін қатау қатаң сақтауды ескертеміз», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жантүршігерлік жол апатынан кейін рульдегі жасөспірім ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ерсін Қожахметовтің айтуынша, мұнайлы шаһардан Дамбы бағытына қатынайтын жолдың Қызылбалық елді мекені тұсында екі көлік соқтығысқан.

Екі көліктің бірінің рульінде кәмелетке толмаған жасөспірім болған. Жасөспірімнің жасы – 17-де.

«Шақыртуға байланысты оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Оқиға орнында бір ересек адам мен бір жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір зардап шеккен олар әртүрлі дене жарақатымен облыстық аурухана мен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», -деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар