Атырау облысында коменданттық сағат талабы 121 мәрте бұзылған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коменданттық сағат талабы 121 мәрте бұзылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының коменданты – облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев мәлім етті.

«Атырау облысында төтенше жағдай жарияланғаннан бері коменданттық сағат талаптарын бұзған 121 дерек тіркеліп, әкімшілік іс қозғалды. Төтенше жағдай кезінде атқарылатын қызметтің басты мақсаты – қоғам тіршілігінің қалыпты жағдайын орнату.

Сондықтан, осы бағытта қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшылары мен өзге де жауапты мамандардың жұмысына түсіністікпен қарауға, терроризмге қарсы операциялар кезіндегі шектеулерге сабырлық танытып, сақтық шараларын сақтауға шақырамын.

Арандатушылыққа жол бермей, күдікті фактілер туралы міндетті түрде полицияға хабар беруді сұраймын. Сондай-ақ, жалған ақпараттар таратпаған жөн. Мұндай әрекет үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, 3 жылдан 7 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», -деді Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау полицейлері ереуілде қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар