Атырау облысында көпбалалы полицейлерге пәтер берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау обылысының Жылой ауданында 9 полиция қызметкері пәтер кілтін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аудандық ішкі істер бөлімінің 9 қызметкеріне жаңа пәтер кілті берілді. Пәтер жалдап келген олардың отбасылары көпбалалы санатқа жатқызылады. Соңғы жылдарда алғаш рет полицейлерге бір мезетте бірнеше пәтер беріліп отыр», - деп хабарлайды өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметі.

«2016 жылдың соңы - 2017 жылдың басы аралығында облыстық әкімдік ІІД қызметкерлеріне 21 пәтер бөлді. Екі жылдан бері ІІД қызметкерлері мен басшылығының баспана мәселесі шешімін тауып отыр. Қазіргі уақытта 72 адам пәтер жалдауға үстемеақы алды», - делінген хабарламада.

Атырау облыстық ІІД қызметтерінде 200-ден астам бос орын бар. Полиция қатарында жұмыс істеуге адамдардың келмеуіне баспана алу мәселесі басты себеп болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар
telegram