Атырау облысында коронавирус инфекциясымен 5 808 адам ауырып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясымен 5 808 адам ауырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын 145 адам жұқтырған. Атырау қаласында 90 науқас тіркелген. Ал, Жылыой ауданында 23, Қызылқоғада – 9, Құрманғазыда – 7, Исатайда – 3, Махамбетте – 3, Индер ауданында 2 науқас анықталған. Сондай-ақ, Теңіз кен орнында 8 жұмысшының қауіпті вирусқа шалдыққаны расталған.

Өңірде қазір коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 808 адам ауырып жатыр. Науқастардың арасында 5 664 адам үй жағдайында, ал, 244 пациент инфекциялық стационарларда емделіп жатыр. Мәселен, модульдік ауруханада – 124, фтизиопульманологиялық орталықта – 50, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 50, ал, №2 облыстық ауруханада 20 науқас оқшауланған.

Өткен тәулікте 562 пациент қауіпті вирустан сауығып шықты.

Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарға екінші күн қатарынан науқастар түскен жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандар күрт төмендегенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар