Атырау облысында коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бірнеше күн бұрын «жасыл» аймаққа өткен Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 17 ақпанда 10 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Атырау қаласында қауіпті вирусқа 4 адамның шалдыққаны расталды. Теңіз кен орнында – 3 науқас, Жылыой, Индер, Құрманғазы аудандарының әрқайсысында 1 науқастан тіркелген.

«Қазір 796 адам үй жағдайында, инфекциялық стационарларда 92 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 63, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 13, ал, №2 облыстық ауруханада – 10, фтизиопульманологиялық орталықта 6 адам пациент оқшауланған. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам қайтыс болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында ашылған инфекциялық стационарға емделіп жатқан науқас жоқ.

Еске сала кетелік, бұған дейін «сары» аймақтағы Атырау облысында 1 адам коронавирустан қайтыс болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар