Атырау облысында коронавирус жұқтырған 17 науқастың жағдайы ауыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 21 адам қауіпті вирусқа шалдыққан. Атырау қаласында Сovid-19 инфекциясын жұқтырудың 13 жағдайы тіркеліп отыр. Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында – 2, Махамбет ауданында – 4, Қызылқоғада – 1, Құрманғазы ауданында 1 науқас анықталған.
«Бүгінгі мәліметке сәйкес, қазір 142 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Ал, модульдік ауруханада – 85, Теңіз кен орнындағы стационарда – 30, аудандардағы инфекциялық
стационарларда 24 пациент оқшауланған. Инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімінде жатқан 17 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде 3 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау қаласы өңірде коронавирус жұқтырудың негізгі ошағы болып отырғанын хабарлаған едік.