Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен
тәулік – 29 қарашада қауіпті вирусқа 4 адам шалдыққан. Оның ішінде Атырау қаласында –2, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнында – 1, Қызылқоға ауданында 1 науқас анықталып отыр.
«Қазір 108 адам үй жағдайында, 580 орынға арналған инфекциялық стационарларда 111
адам емделіп жатыр. Мұндағы жүктеме 19,1%-ды құрайды. Өңірдегі модульдік
ауруханада – 69, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 21, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 21 науқас оқшауланған», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, 58 төсек-орны бар жансақтау бөлімшелерінде жағдайы ауыр 11 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Бұл бөлімдегі жүктеме –18,9%. Өкпені жасанды желдету
аппаратына бірде-бір науқас қосылмаған.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 1 адам қайтыс болған.
Еске сала кетелік, бұған дейін «жасыл» аймақтағы Атырау облысында вирус жұқтырған 20 науқастың жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатынбыз.