Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың 60% қалада тіркелген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 60 пайызы өңір орталығында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлназ Ербатырованың мәліметінше, шілдеде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 9 445 жағдайы тіркелген. Ал, тамыздағы 10 күнде 4 379 науқас анықталған.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 60 пайызы Атырау қаласында тіркеліп отыр.

Бұған қоса, Жылыой ауданы мен Теңіз кен орнында эпидемиялық ахуал нашарлады. Қауіпті вирусқа шалдыққандардың 59 пайызы клиникалық симптом негізінде анықталды. Ал, 15-20 пайызы – науқастармен қарым-қатынаста болғандар. Бұл өңірде эпидемиялық ахуалдың нашарлағанын байқатады», - дейді Гүлназ Ербатырова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал күрделене түскенін, көпшілік іс-шараларды өткізу тоқтатылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар