Атырау облысында коронавирусқа шалдыққан 227 адам ауырып жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 5 желтоқсанда қауіпті вирустың белгісі 9 адамнан анықталған. Атырау қаласында Сovid-19 инфекциясын жұқтырудың 5 жағдайы расталған. Сондай-ақ, Теңіз кен орнында – 2, Қызылқоға ауданында – 1, Құрманғазы ауданында 1 науқас тіркелген.
«Қазір 117 адам үй жағдайында емделуге, ал, 580 орынға есептелген инфекциялық стационарларда 110 науқас (жүктеме – 18,9%) оқшауланған. Оның ішінде модульдік ауруханада – 63, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 30, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы стационарда 17 пациент ем-дом қабылдап жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, инфекциялық стационарлардағы 58 төсек-орынға есептелген жансақтау бөлімшелерінде жатқан 16 науқастың жағдайы нашарлаған. Жағдайы өте ауыр 2 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімшелердегі жүктеме – 27,6%.
Еске сала кетелік, Атырау облысында былтырдан бері 51 975 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.