Атырау облысында коронавируспен 495 адам ауырып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавируспен 495 адам ауырып жатыр. Оның 281-і үйінде, 214 науқас инфекциялық стационарда оқшауланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше қауіпті вирусты 42 адам жұқтырған. Оның ішінде Атырау қаласында 19, Теңіз кен орнында 5 науқас анықталған. Ал, Құрманғазы ауданында – 8, Жылыойда – 5, Индер ауданында 5 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылған.

Қазір 281 адам үй жағдайында ем-дом алу үшін оқшауланды. Модульді ауруханада – 94, №2 облыстық ауруханада – 19, аудандардағы инфекциялық стационарда – 33, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 68 науқас ем қабылдауда», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, өңірдегі инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімінде 14 науқас жатыр. Оның ішінде 1 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Кеше коронавирус инфекциясынан 1 адам қайтыс болған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында стационардар 200-ден астам науқас жатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар