Атырау облысында құтырған жылқы анықталды

АТЫРАУ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Атырау облысында жылқының құтыру ауруына шалдығу оқиғасы анықталды.
None
None

«Індет белгілерін Жылыой ауданының шаруа қожалықтарының бірінде мал дәрігерлері анықтады. Олар ауырған жылқыны дәрілеп ұйықтатып тастады. Бірақ шаруашылықта сиырлар мен қойлар - барлығы 1000 бас мал бар. Сондықтан адамдар мен жануарлар медициналық бақылауға алынды», - деп хабарлады облыстың бас санитарлық дәрігері Өмірзақ Зинулин.

Соңғы жаңалықтар