15:13, 04 Сәуір 2015 | GMT +5
Атырау облысында мас жүргізуші екі баланы қағып кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Индер ауданында «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан екі баланы қағып кетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне аймақтық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

«Зардап шеккен 7 және 8 жастағы екі бала түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіні тексергенде оның көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. 45 жастағы көлік иесі жергілікті тұрғын болып шықты. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды», - деді Г.Мұхтарова.