Атырау облысында «Max Petroleum» «Жаңа Мақатта» бұрғылау жұмыстарын бастады

АТЫРАУ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - «Max Petroleum» компаниясы Атырау облысының ең көне мұнайнасосты ауданында орналасқан «Жаңа Мақат» кен орнында эксплуатациялық ұңғыманы бұрғылауды бастады.
None
None

Ұңғыма мақсатты тереңдік - 1138 метрге дейін бұрғыланатын болады. Бұрғылау сәтті өтсе және компания өндірістік мұнайды ала алса, бұл облыстың Мақат ауданының қайта жандануының басы болуы мүмкін. Бұл жерде 20 ғасырдың 20-30 жылдарынан пайдаланылып келе жатқан кен орындардың денінің тозығы жеткен.

Бұған дейін хабарланғандай, биыл компания лицензия аясында 30-40 ұсақ ұңғыманы бұрғылауды жоспарлап отыр, олар Ресей Жинақ банкінің займы есебінен қаржыландырылатын болады. Терең емес бұрғылау бағдарламасы шеңберінде компания Жаңа Мақат, Батыс Сағыз және Үйтас кен орындарына бағалауды және игеруді жүргізбек. Қосымша ұңғымаларды бұрғылау сондай-ақ, Батыс Байшонас, Солтүстік Ескене, Борқылдақты, Шығыс Қызылжар І және Солтүстік Үйтас кен орындарында да жүргізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар