Атырау облысында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 13 740 оқушы Президент кітабына ие болды (ФОТО)

«Республикамызда шамамен ай сайын «100 мектеп - 100 аурухана» бағдарламасы бойынша жаңа білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау нысандары ашылып жатыр. Біздің облыс қалыс қалмады. Жаңа мектептердің салынуының арқасында үш ауысымды білім беру жүйесінен арылдық. Мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мұнда жайлы болсын, білім алып, ересек өмірге дайындалып, білім көкжиегін арттырыңыз», - деді әкім.
Бұл күні Жалғансайдағы 26 бірінші сынып оқушысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы сыйға тартылды.
Жалғансайлықтар алдында сөз сөйлеген өңір басшысы облыста елді мекендерді дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атады.
«Соңғы үш жылда ауыл кәсіпкерлерін қолдау үшін жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген несиелер беріледі. Нәтижесінде соңғы үш жылда аймақтағы агроөнеркәсіп кешенінде жылына көптеген инвестициялық жоба жүзеге асты. Бүгінде облыс бойынша жылына 10 тоннадан астам сүт өнімін, 11 тоннадан астам ет өнімін, 54 миллион дана жұмыртқа, шамамен 65 мың тонна картоп пен көкөніс өндіретін бірқатар өндірістік кооперативтер жұмыс істей бастады. Соңғы үш жылда жылыжай учаскелерінің саны екі есеге өсті. Ал тамшылап суарылатын ауыл шаруашылық алқабы 3,5 есеге ұлғайды. Биыл алғаш рет «Первомайский» ЖШС 150 гектар алқабқа арпа егіп, 250 тонна пішендеме жиды. Ағымдағы жылы ауылда жаңа жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Түйе мен қой жүнін өңдеу бойынша тоқыма фабрикасын, «Агро Феликс» шаруа қожалығының көкөністерді өңдеу мен консервілеу бойынша цехын, «Асыл-Агро» шаруа қожалығының 7,2 мың тонна етті өңдеу бойынша цехын, 2,4 тонна бөдене етін шығару және 2,6 миллион дана бөдене жұмыртқасын шығару бойынша ферманы құрылымдау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Бұл күні жалғыз бірінші сынып оқушылары ғана сыйлыққа ие болған жоқ. Облыс басшысы мектеп директоры Жексенбай Есенғалиевке 3,5 миллион теңге көлеміндегі сертификатты ұсынды. Бұл қаражат көлік алуға арналған. Ендеше жақын арада мектепте өз автомобилі немесе автобусы болады.
Атырау облысында жаңа мектептердің құрылысы жалғасып жатыр. Жақын арада мұнда тағы 7 жаңа білім беру мекемесі есігін айқара ашады.