Атырау облысында мереке күндері 64 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам жарақат алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өткен мереке күндері 64 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғаларынан 5 адам әртүрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 64 жол-көлік оқиғасы 6-8 наурызда болған.

«Мәселен, 6 наурызда сағат 01:43 шамасында Жылыой ауданында жол апаты болып, 4 жолаушы әртүрлі дене жарақатын алды. Сол күні сағат 17:00 шамасында «Теңіз» вахталық қалашығының тұсында екі ауыр жүк автокөлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан дене жарақатын алған бір жүргізушіге дәрігерлік көмек көрсетілді», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жол-көлік оқиғаларына қатысты тергеп-терксеру жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көлік қаққан жаяу жүргінші мерт болғанын https://kaz.inform.kz/news/atyrauda-kolik-kakkan-zhayau-zhurginshi-mert-boldy_a3904704 жазған едік.


Соңғы жаңалықтар