Атырау облысында негізгі капиталға құйылған инвестициялар триллион теңгеден асты

«2015 жылдың қаңтар-қазан айларында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда инвестициялардың өсімі Атырау қ. 26,3%, Мақат ауданында 48,3%, Жылыой ауданында 18,7% және Махамбет ауданында 12,5%-ды құрады. Қызылқоға ауданында 50,6%, Құрманғазы ауданында 45,4%, Индер ауданында 39,3% және Исатай ауданында 24% төмендеді. Негізгі капиталға құйылған инвестициялардың негізгі көлемін жеке меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдар (67,1%), сонымен қатар облыс аумағында жұмыс істеп тұрған өзге мемлекеттердің субъектілері (31,1%) игерді. Мемлекеттік сектор үлесі 1,8%-ды құрады. Негізгі бағыт мұнай және табиғи газ өндіру (негізгі капиталға құйылған инвестициялардың 80,1%), көлік пен қоймамен қамту (9,2%), жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар (1,9%)», - деді статистика департаментінде.