10:42, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Атырау облысында орталық кәрізді тазалау кезінде екі жұмысшы қаза болды
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, шілденің 8-і күні Атырау облысының Индер ауданындағы Индербор кентінде қайғылы оқиға орын алды.

Орталық кәрізді тазалау кезінде «Индер Су арнасының» екі жұмысшысы - 51 және 52 жастағы екі азамат кәріз шұңқырына құлап кетіп, алған жарақаттан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.