13:24, 22 Ақпан 2022 | GMT +5
Атырау облысында өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққандар тіркелген жоқ
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өткен тәулік – 21 ақпанда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте қауіпті вирустан 92 адам емделіп шыққан.
«Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр. Қазір коронавирус инфекциясын жұқтырған 417 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Ал, инфекциялық стационарларда 66 науқас ем қабылдау үшін оқшауланған. Оның ішінде модульдік ауруханада – 47, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 15, ал, №2 облыстық ауруханада 4 пациент бар. Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында ашылған инфекциялық стационарда емделуге жатқызылған бірде-бір науқас жоқ», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болғанын жазған едік.