Атырау облысында Рfizer вакцинасын 1 440 адам салдырды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы 1 ақпаннан бері 254 099 адам Covid-19 инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін ектірген. Ал, вакциналардың II компонентін алған адамдардың саны 234 815-ке жеткен.
«Атырау облысында 20 қарашада Рfizer вакцинасын салдыру басталды. Содан бері бұл вакцинаны 1 440 адам ектірді. Оның ішінде бала емізетін 754 ана мен 78 жүкті әйел, 608 жасөспірім бар. Аталған вакцинаны алатындардың тізіміне 12 мен 18 жас аралығындағы
63 138 жасөспірім мен бала емізетін және жүкті 35 362 әйел енгізілген. Вакцинаны алушылар үшін 32 760 доза жеткізілді», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында Рfizer вакцинасын 972 адам салдырғанын жазған болатынбыз.