Атырау облысында сегізінші «Ашық әкімдік» ашылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Сүлейменовтің айтуынша, бұған дейін «Ореn-space» форматындағы «Ашық әкімдік» кеңсесі 7 аудан мен Атырау қаласында ашылған.
«Президент биылғы Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған еді. Мемлекеттік органдардың жұмысын
сервистік модельге көшіру мемлекеттік қызметшілердің жаңа ұйымдастырушылық
мәдениетінің көрінісін, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсетудің қолайлы ортасын құруды
мқамтамасыз етеді», - дейді департамент басшысы Қанат Сүлейменов.
Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкиннің мәліметінше, «Ашық әкімдік» кеңсесі кеңес
беруге арналған алаңмен, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен, ақпараттық стенділер мен
WI-FI желісімен қамтылған. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай
жасалған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудың Индер ауданында «Ашық әкімдік» жұмысын
бастаған еді.